Бөлім жетекшісі:
Малгаждар Майгуль Сейітқажықызы
Телефон: 8 (7222) 52 38 87,
Факс: 8 (722 2) 52 04 94
e-mail: metodsemey@mail.ru
071400, Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй
Бөлімнің мақсаты мен міндеттері
– барлық құрылымдық бөлімдер мен пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын үйлестіру.
– міндеттері мен функцияларына сәйкес оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету әдістемесін жетілдіру.
– оқырмандармен (пайдаланушымен) жұмыстың озық, инновациялық түрлерін әзірлеу және енгізу.
– ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлау.
– уақтылы және сапалы есеп беру.
– библиографиялық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру, кітапхананың компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
– компьютерлік машиналардың қатарын жаңарту, ескірген компьютерлік техниканы ауыстыру, бұрынғыларын жөндеу, заманауи бағдарламалық жасақтаманы орнату.
Бөлімнің функциялары
– келесі бағыттар бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді жүзеге асыру:
– жұмысты жоспарлау.
– есептерді құрастыру.
– қаланың ұйымдарымен, кәсіпорындарымен және мекемелерімен халықтың оқу және ақпарат саласындағы қажеттіліктерін зерттеу арқылы жұмысты үйлестіру.
– Кітапхана қызметкерлерін алдыңғы қатарлы жұмыс әдістеріне оқыту, оның ішінде жас кадрлардың кәсіби шеберліктерін үйрету.
– Кітапхана теориясының жетістіктерін және озық тәжірибені кітапхана практикасына енгізу.
– қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланысты нығайту.
– Кітапхананың жергілікті компьютерлік желісін техникалық қолдау.
– Интернетке қосылуды қамтамасыз ету.
– Кітапхананың электронды каталогын жүргізу және пайдалану үшін ақпараттық инфрақұрылым құру.
– IRBIS автоматтандырылған кітапханалар жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету.
– ақпараттық технологиялар негізінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.