Рафаил Абузяров 1948 жылы 29 наурызда Семейде дүниеге келген. Еңбек жолын 1967 жылы  Павлодар тігін фабрикасында слесарь болып бастады. 1983 жылы тұрмыстық машиналар мен құрылғыларды жөндеу зауытының директоры болып тағайындалып, 1997 жылы «Рембыттехника» ЖШС болып өзгерген, 1999 жылы Семей қалалық мәслихатының  хатшысы  болып сайланғанға дейін  осы кәсіпорынның басшысы қызметін атқарған.

2007 жылы Семей қаласы мәслихатының бірінші сессиясында депутаттар қалалық мәслихаттың жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі тексеру комиссиясының босатылған төрағасы болып Рафаил Байрамғалиұлын сайланған. Қазіргі уақытта зейнеткерлікте. 2022 жылы Рафаил Абузяров Байрамғалиұлына «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер:

Астафьева М. Присвоено звание «Почетный гражданин» // Вести Семей. 2023. – 5 января. – С.1

Байторина Н. Депутатская аллея // https://vestisemey.kz/5940

Пять семейчан получили звание “Почётный гражданин города” // https://obvk.kz/2022/12/29/