Әлин Мұрат Сейсенұлы 1947 жылы  бұрынғы Семей облысының Абай ауданынындағы Саржал ауылында туған.

1968 жылы Семейдің педагогикалық институтының  қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген соң арада бір жылдан соң Абай аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып біршама жыл жемісті еңбек етті. Республикаға танымал «Қаламқас»халық ансамблін ұйымдастырушылардың бірі.

Ол 1978 жылы Алматы Жоғарғы  партия  мектебінің журналистика  бөлімін тәмамдап, Семей облыстық телерадиокомитетінде аға редактор болып қызмет атқарған. Мұнан кейін Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филорманияның директоры, облыстық партия комитетінің жауапты қызметкері, Абай атындағы мәдени- ағарту училищесінің  директоры болып жұмыс жасаған. Ал 1990-1996  жылдар аралығында  Семей облыстық телерадиокомпанияның төрағасы болды. Облыс, қала әкімдерінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Абай ауданының құрметті азаматы. 2022 жылы Семей қаласының құрметті азаматы болды.

 

Әдебиеттер:

Әлин М. Шыңғыстаудың шыңы. – Семей,2014.- 176 б.

Әлин М. Өмір мұраты. – Семей, 2017. – 259 б.