Абай атындағы кітапхананың «Книгоноша» әлеуметтік жобасы 2013 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Жобаның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың үйіне барып қызмет көрсету.

Жобаның миссиясы: әрбір адамның ақпаратқа қол жеткізу конституциялық құқығын іске асыру; кітап қорындағы кітаптармен және басқа да ақпарат көздерімен рухани мәдениетке баулу.

Жоба кітапхананың ақпараттық ресурстарын ұсынуға бағытталған: кітаптар, мерзімді және электрондық басылымдар.

Міндеттері: әр түрлі топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтік-мәдени ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғалмаған халықтың әртүрлі санаттағы және әртүрлі жастағы оқырманға (жеке қызмет) кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Қызмет көрсету тұрақтылығы: айына 2 рет.

Байланысшы: Чушекова Жанар Меллатқызы

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-36-45

e-mail:  abonement.bibliotekaabaya@yandex.kz