Ром Хасанович 1936 жылы 26 ақпанда Семей облысы Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде дүниеге келген. Спорт ардагері. Семей өңірінде спортты дамытуға ерекше үлес қосқан адам. Әлем чемпионы, Олимапиада чемпионы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО еңбек сіңірген, спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтың алғашқы жаттықтырушысы. Семей қаласының Құрметті азаматы (1999). ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002). 2023 жылы «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын алды.

Әдебиеттер:
Абай облысының «Құрметті азаматтары»: олар атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оларды іздеп тапты! // Семей таңы. – 2023. – 30 желтоқсан. – Б.2
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.218
Жолымбетов Ө., Құлназаров А. Қазақстан-спортщылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. -Б.472