Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсан күні Семей қаласында дүниеге келген. КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек ері, «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдениет қорының вице – президенті
Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы, Астананың құрметті азаматы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Бибігүл Төлегенованың кинода жасаған образдары: «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар көсе», «Балалық шағымның аспаны».
2023 жылы 94 жасында «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын алды.

Әдебиеттер:
Абай облысының «Құрметті азаматтары»: олар атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оларды іздеп тапты! // Семей таңы. – 2023. – 30 желтоқсан. – Б.2
Төлегенова Бибигүл // https://semeylib.kz/?page_id=11458
Төлегенова Бибигүл // https://altynqor.com/person/29
«Абай облысының құрметті азаматы» айрықша белгісі келесідей жерлестерімізге табысталды:
//https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/678600?lang=kk