Қайрат Қайырғалиұлы 1959 жылы 25 ақпанда Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Бурас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ гуманитарлық және Заң инновациялық университеті «құқық» мамандығын тәмамдаған.

1981-1983 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етті. Еңбек жолын 1983 жылы бастап, 1992 жылға дейін комсомол ұйымдарында түрлі қызметтер атқарды. 1992-1994 жылдары «МТ Sputnik» ЖШС бас директоры болды. 1994-1995 жылдары Семей облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы болды.

1996-2007 жылдары «МТ Sputnik» ЖШС бас директоры болды. 2007-2012 жылдар аралығында Семей қаласы мәслихатының хатшысы 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін «МТ Sputnik» ЖШС төрағасы қызметін атқарып келеді.

Қайрат Қайырғалиұлы 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне ХХ жыл» мерейтойлық медалімен, 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына ХХ жыл» мерекелік медалімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

2016 жылы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы Қ.Қ.Тоқаевтың Құрмет грамотасы, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің «Алғыс хаты», 2019 жылы Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, 2019 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары «Алғыс хат», сондай-ақ 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Мирашев Қайрат Қайырғалиұлы – Бесқарағай ауданының Құрметті азаматы. 2024 жылы «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

Әдебиеттер:

 

«Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді // Ертіс өңірі. – 2024. – 24 қыркүйек. – 12 б.

Ковтун Вадим. Как прошла церемония награждения // Спектр. – 2024. – 25 қыркүйек. – С.12-13

«Семей қалаының құрметті азаматы» атағы берілді//  https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/850363?lang=ru