Базар Масхутұлы 1968 жылы 25 наурызда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1996-1999 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтының жалпы хирургия кафедрасында аспирантурада оқыды.
2000 жылы Павлодар қаласында дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетін аяқтаған. 2011 жылы 1 біліктілік санаты берілді. 2016 жылы хирург мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді. 2005 жылы «Дәл аппендэктомияның эксперименттік және клиникалық негіздемесі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Адал және мінсіз еңбегі үшін 2017 жылы «Алтын дарігер» төсбелгісімен марапатталды.
Қазіргі уақытта Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі.
2024 жылы «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Кац Г. Врач хирург – не профессия, а образ жизни // Вести Семей. – 2024. – 12 март. – 3 с.
Ковтун Вадим. Как прошла церемония награждения // Спектр. – 2024. – 25 қыркүйек. – С.12-13
«Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді // Ертіс өңірі. – 2024. – 24 қыркүйек. – Б.12
«Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді// https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/850363?lang=ru