Менсафа Мұхамедсадыққызы 1936 жылы 14 ақпанда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкөн ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтында «Жалпы білім беретін мектептерде математика пәнін оқыту» мамандығы бойынша  білім алған. Еңбек жолын 1959 жылы аға пионер вожатый, кейін Семей қаласындағы №1 мектеп-интернатына жұмысқа жолдамамен мұғалім болып бастады.

1967 жылы Семей қаласындағы №115 мемлекеттік кәсіптік техникалық училищенің директорының орынбасары болып тағайындалды.

1972 жылы Семей қалалық халық депутаттары Калинин аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. 1980 жылдан 1982 жылға дейін Қазақстан Компартиясы облыстық комитеті саяси ағарту үйі, үгіт және насихат бөлімі директорының орынбасары қызметін атқарды.

1982 жылдан бастап Семей қаласы халық депутаттары қалалық кеңесінің  атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне сайланып, 1994 жылға дейін қызмет атқарды. 1994 жылы зейнеткерлікке шықты.

1987 жылы Менсафа Мұхамедсадыққызы «Әлем халықтық демократия қоғамын» құрды, «Невада-Семей» қозғалысын басқарды, «Бейбіт аспан үшін» қоғамдық ұйымдарымен, «Невада АҚШ», «Невада Жапония» белсенділерімен «Невада Моңғолия» қозғалысы, «Невада Қытай» және т.б. байланыс орнатты.

1995 жылы «Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 50 жыл», 2010 жылы «Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 65 жыл», 2015 жылы «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Еңбек демалысында ол белсенді қоғамдық жұмыстарды жалғастыруда.

2024 жылы   Менсафа Усмановаға «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер:

 

«Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді // Ертіс өңірі. – 2024. – 24 қыркүйек. – 12 б.

Ковтун Вадим. Как прошла церемония награждения // Спектр. – 2024. – 25 қыркүйек. – С.12-13

«Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді//  https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/850363?lang=ru