Ерлан Ғадлетұлы Батырбеков – ядролық физик, «Вестник» және «Человек. Энергия. Атом», Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

Ғылыми еңбектері мен өнертабыстары: ядролық энергия, ядролық энергияны түрлендіру және ядролық қоздырылған плазма физикасы, тікелей және аралас ядролық түзету бар лазерлер бойынша 90-нан астам жарияланған еңбектердің, соның ішінде «Оптикалық сәулеленудің ядролық қоздырғыш көздері» атты бір монографияның авторы.

ҚР ҰИА-дағы қызметі: академик (2017 ж.)

Мемлекеттік, үкіметтік және басқа да наградалармен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медальдармен; I дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет белгісі (алтын белгі), АҚШ Қорғаныс министрлігінің Мемлекетке сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталған.

Ғылыми жобаларға қатысуы:

  1. «Қазақстан Республикасындағы атом энергетикасын дамыту»;
  2. «ДС-60 ауыр иондар үдеткіші негізінде физика, химия, биология және озық технологиялар саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту»;
  3. «Бұрынғы Семей полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету»;
  4. «Азғыр» полигонының жер асты суларының экологиялық жағдайына әсерін зерттеу;
  5. «Лира» объектілерін кешенді зерттеу және бақылау;

6.«Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту мәселелері бойынша деректерді басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесін құру»;

  1. «Атом өнеркәсібіндегі білім базасы».

Батырбеков Ерлан Ғадлетұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» 1-дәрежелі (алтын) құрмет белгісімен марапатталған.

2024 жылы желтоқсанда «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Әдебиеттер:

 

Абай облысының құрметті азаматы атағы табысталды// Ертіс өңірі. – 18 желтоқсан. – 1 б.

Абай облысының Құрметті азаматы атағы табысталды// https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902823?lang=kk