Ерлан Әмірбекұлы 1996-2001 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы «Асыл» ЖШС басқарды. 2001 жылдан бастап егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын «Е.Зайтенов» көпсалалы шаруа қожалығын басқарды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізінде 2003 жылы шаруашылық симменталь тұқымды ірі қара малын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық болып танылды.

«Құрмет» ордені, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдары, Орталық комсомол комитетінің «Золотой колос» төс белгі иегері. 2007 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

2024 жылдың желтоқсан айында Ерлан Әмірбекұлына «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Әдебиеттер:

 

Ерлан Әмірбекұлы // https://www.gov.kz/memleket/entities

Ерлан Зайтенов – Шығыс Қазақ­стан облысына танымал кә­сіпкерлердің бірі. // https://qamshy.kz/kz/article/6753-auyldynh-adgaryn-kirgizgen-azamat