Александр Александрович Милютин – «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

1960 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Наумовка Угловский  ауылда дүниеге келген. 1977 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Лаптев-Лог Угловский ауданында орта мектепті тәмамдаған.

Мектепті бітіргеннен кейін Алтай өлкесі Углов ауданы, Калинин совхозында жұмысшы болып жұмысқа орналасты. Сол жылы Семей құрылыс техникумына өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығына оқуға түседі. 1978-1980 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.

Қызметін аяқтаған соң техникумға қайта қабылданып, оны 1982 жылы бітірді. Алғашқы еңбек жолын Куйбышев-Уфа газ құбырының құрылысына оқшаулағыш ретінде бастады.

  • 1983-1984 жылдары Мәскеу қаласындағы «Промстрой» тресінде үшінші разрядты слесарь болып жұмыс атқарды.
  • 1984 жылы Семейге оралып, «Казпромтехмонтаж» тресінің монтаждау басқармасының шебері, кейін бригадир болып жұмысқа орналасты. Семейдегі Жезкент тау-кен байыту комбинатының, Бақыршық тау-кен металлургия комбинатының құрылысына, қағаз-орау комбинатын қайта құруға, «Қазақкабель» зауытын және Семейдегі басқа да бірқатар нысандарды салуға және қайта жаңғыртуға прораб болып қатысқан.
  • 1991 жылы «Зергер» МП директордың өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмысқа орналасты. 1992 жылы «Зергер» МП «Зергер» өнеркәсіптік-қаржы корпорациясы болып өзгертілгеннен кейін «Зергер» АҚ директорының өндірісі жөніндегі орынбасары, вице-президенті болды.
  • 1998-1999 жылдары – Семей ет комбинатының вице-президенті.
  • 1995 – 1999 жж – Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, тексеру комиссиясының мүшесі болды.
  • 1995-1999 жж – Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі.
  • 1999-2007 жылдары – II және III дәрежелі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
  • 2007 жылдан – 4-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің мүшесі.
  • 2012 жылдан 2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің депутаты, төрағасы.
  • Жоғарғы білімдері – Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетін бітірген, Семей экономика және кәсіпорынды басқару факультетінде инженер – экономист мамандығын тәмамдаған.
  • 2002 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының шешімімен «Бородулиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
  • 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының шешімімен «Бесқарағай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
  • 2024 жылдың желтоқсан айында А.А. Милютин «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Әдебиеттер:

Александр Александрович Милютин //https://kk.wikipedia.org

Абай облысының құрметті азаматы атағы табысталды// Ертіс өңірі. – 18 желтоқсан. – 1 б.