Роза Рымбаева – Қазақстанның халық әртісі. Актриса, әнші, тележүргізуші, киноактриса, оқытушы, профессор. «Қазақстанның алтын дауысы», «Орталық Азияның бұлбұлы» атақтарының иегері.

Роза Қуанышқызы өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғында бүкілодақтық танымалдыққа ие болып, еліміздегі ең үздік он әншінің рейтингінде үшінші орынды иеленді.

Роза Рымбаева 1979 жылдан «Қазақконцерт» республикалық концерттік бірлестігінің солисті. Эстрадалық қызметпен қатар Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясында сабақ береді. Профессор ғылыми атағы бар, ол тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал.

Атақтарымен және марапаттары:

  • Ленин комсомолы сыйлығының екі мәрте лауреаты (1976, 1981),
  • Қазақ КСР халық әртісі (1986),
  • Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1994),
  • Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1994).
  • Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан ұлттық сахнаны дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Парасат» ордені (2000 ж.).
  • «Тарлан» сыйлығы (2002)
  • «Құрмет» ордені (2004)
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004) концерттік бағдарламалары үшін 1999 – 2003 жж.
  • «Жаратылыс жұлдызы» ордені (2004)
  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004).
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.)
  • 2-дәрежелі «Достық» ордені (2016 ж.)
  • «Алтын Жұлдыз» және «Отан» орденінің ерекше белгісімен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы (2019 ж.)
  • «Халық алғысы» медалі (23 маусым 2020 ж.)
  • «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы (2020 ж.)
  • «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы (24.12.2020 ж.)

2024 жылдың желтоқсан айында Роза Қуанышқызына «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер:

Абай облысының құрметті азаматы атағы табысталды// Ертіс өңірі. – 18 желтоқсан. – 1 б.

Роза Рымбаева // https://semeylib.kz/?page_id=869

Абай облысының Құрметті азаматы атағы табысталды// https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902823?lang=kk