2015 жылы өңірдің тарихи, мәдени және экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан танымал тұлғалардың мерейтойлары мен тарихи оқиғалары кеңінен аталып өтілетін болады.

Суырып салма ақын Шәкір Әбеновтің туғанына 115 жыл (1900-1994)

Шәкір ӘбеновШәкір Әбенов 1900 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. Мұсылманша ерте хат таныған бала ақын Семейдегі приходская школасында 3 жыл оқыған. Ең алғаш шыққан «Борсықтар» атты өлеңі 1916 жылы «Айқап» журналында басылған. Ұлы Отан соғысына қатысып, жараланып майданнан елге оралады. Совхозда жұмыс істей жүріп шығармашылықпен де айналысады. Ақын қаламынан туған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Кейпін батыр», «Ортақ арал», «Таңшебер-Жапал» поэмалары әр жылдары шықты.
Ескі шежіре, халық әдебиетінің білгірі Шәкір Әбенов – Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше секілді ақындардың мұрасын тұңғыш рет қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген музыка мамандары Шәкір Әбеновтің айтуымен көптеген әндер мен күйлерді нотаға жазды. Ақын көп жылғы еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің құрмет грамотасымен марапатталды.
“Шәкір ақынның “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” дастаны жай жыр ғана емес, жеке адамдар қарым-қатынасы, тағдыры арқылы қазақ елін, яғни түтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-санасы мен ғұрып-дәстүрін, жан-дүниесін, арманын қамтып суреттейтін, өлеңмен жазылған роман, шынайы эпикалық шығарма. Мұнда қазақ өлкесінің ұлан-ғайыр қиырлары, ең бастысы революцияға дейінгі көшпенді қазақ қауымының өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы нақты адамдар аясында жан-жақты бейнеленген”,- деп жазады С.Байжан-ата ақын жырлары туралы.
2001 жылы “Жер кіндігі – Жидебай” атты кітабы Елорда баспасынан шықты. Онда ақынның өмірбаяны мен өлең-дастандары берілген.
“Халықтар достығы” орденінің иегері, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген ақсақал. Артына мол шығармашылық мұралар калдырған, арқалы ақын, сазгер, көнеден қалған мұраны қастерлеп өткен Ш.Әбенов 1994 жылы қазан айында дүниеден етті.

Әдебиеттер:

Әбенов Ш. Дастандар. -Алматы: Жазушы, 1991. – 334 бет.
Әбенов Ш.Жер кіндігі. -Жидебай. -Астана: Елорда, 2001. – 494 б.
Әбенов Ш. Қозы Кәрпеш – Баян сулу. – Алматы: Жазушы, 1965. -114 б.
Әбенов Ш. Ортақ арал. -Алматы: Жазушы, 1968. – 84 б.
Әбенов Ш. Шыңғыстау сазы. – Алматы: Жазушы, 1985. -109 б.
Әбенов Ш. Шәкер ақынның Елбасына берген батасы / Ш. Әбенов, Ұ. Есдәулетов // Дидар. – 2011. – 6 сәуір. – С. 5
Әлімбеков К. Шәкір жайлы шындық: ақынға 110 жыл // Ертіс өңірі . – 2011. – 19 қаңтар. – С. 12
Әлімбекұлы К. Елбасына бата берген Шәкір Әбенұлы 110 жаста // Ертіс өңірі . – 2011. – 2 наурыз. – С. 12
Еркінұлы , Рүстем. Үлгі болған ұлтына, ұлықталды үш тұлға // Ертіс өңірі. – 2011.– 21 қыркүйек. – С. 10-11
Жарылғап М. Абай елінің азматтары // Ертіс өңірі. – 2013. – 25 желтоқсан.- Б.10-11
Иманжапар М. Халық ақындары мұрасы: Зерттеулер, өлең-толғаулар, поэма-дастандар.-Семей, 2010. – 322 б.
Кемелбаева А. Шәкір бабаның “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” дастаны // Ертіс өңірі. – 2003. – 6 қараша. – С. 30; Ертіс өңірі . – 2011.; 12 қазан. – 2 б.
Кенжеханова А. Азулы ақынның дауасы // Семей таңы . – 2011. – 16 ақпан. – 3 б.
Кәкімұлы Қ. Шәкір Әбеновтің ақын қызы Дауаның соңында бар-жоғы алты өлеңі сақталып қалыпты // Дидар . – 2013. – 22 ақпан.- 20 б.
Қамбаров Ж. Алмастай жарқыраған ақын Шәкер // Семей таңы . – 2011. – 3 маусым. – 7 б.
Тоққарин Д. Намыс оты жалындаған – Жырау ата: Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуы қарсаңында // Семей таңы . – 2011. – 11 қаңтар. – С. 3