Аспалы көпір
60    2000 жылы 16 қазанда ашылып, іске қосылған аспалы көпір бүкіл қазақ елі үшін тарихи маңызы құрылыс болды. Семейдің аспалы көпірі әлемдегі 17 көпір, ал ТМД- дағы бірінші көпір болып тұр. 1998 жылы Ертіс арқылы салынатын көпір құрылысының жобасына халықаралық тендер жарияланып, нәтижесінде әлемге танылған жапондық компания бас мердігерлікті жеңіп алып, көпір құрылысын бітіруге серт берген еді. Көпірдің негізгі жабдықтары 67 мың қашықтағы Жапония елінен су және құрылық жолдары арқылы тасылды.
Ертіс бойындағы салтанатқа Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев келіп, ашылу салтанатында «Бұл көпір – Қазақстан тарихындағы ең үлкен құрылыс» – деген болатын. Көпір тек семейліктер мен Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия мен Батыс Сібірді байланыстыратын халықаралық маңызы зор жол торабы болып отыр.

Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткіш
58    Кезінде ел Тәуелсіздігін аңсап, шежірелі қарт Семейде қазақтың қайта өркендеу дәуірін бастаған Алаш қозғалысының көсемдері – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер еді. Сол арыстарымыздың арманы аспандағы жалғыз жарық жұлдыздай жол көрсетіп, бүгінгі Тәуелсіздігімізге жеткізді десек артық айтқанымыз болмас.
Міне, бүгін ұрпақтар атынан сол арыстарымыздың соңғы тұяғына арналған монументалды стелла басында «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған!» деп ұлтымыздың ғасырлар бойғы арман-мүддесін бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген, «Абайдың ақындық мектебін жазып», қазақ әдебиеті тарихының биігіне көтерілген, жазықсыз 25 жылғас сотталып, КАРЛАГ-тың азабы мен тозағының оты өңешінен өтсе де, қайтпаған қайсар кейпінде өзінің туған қаласы Семейінің үстінен қасқайып қарап Қайым келбеті тұр!
Қайым-ақын, Қайым-қайсардың биікке көтеріліп, қолаға айналып тұрып қалғандай болған осы ескерткішін ұлтының тәуелсіздігін аңсаған қазақ зиялыларының жиынтық бейнесі деуге де болады!
Ақ стелламен қосақтасып, ақпен қабаттасып, төмен сорғалаған татты темір – ақын өміріне кенедей жабысып, жанын сорған, өз зұлымдығынан өзін тат басып кеткен қатал заманды білдіреді.
Стелланың оң қанатында монументтің мазмұнын толығымен ашатын, қордайдың қызыл гранитімен көмкерілген пилондар орналасқан.
Бірінші пилон «Халық жауының әйелі» тақырыбына бағытталған. Көрмегенді көрсе де жұбайынан азбаған, жарынан безбеген, күйеуін сатпаған саяси тұтқын әйелдің ерлігін сипаттайды. Шығармасының бір тілімін де жоғалтпай, балаларын «тар жол, тайғақ кеше жүріп» жеткізген аналарымыздың еңбегін асқақтатады.
Пилон мозайка түрінде жасалып, оның ортасында ұлттық тәрбиедегі, ұлттық киімдегі әйел бейнесінің жайраңдаған жас шағы көрсетілген.
Шетте қара көзілдірікті, қара бет, тайғанақ бейнелер.