Опырылып ортаға түскен шаңырақ сол замандағы талай отбасының қасіретін көрсетеді. Қара қошқыл бояулар композицияға қайғылы реңк береді.
Осы бейнелердің мозаика түрінде жасалуында да мағына бар. Сайқал саясатпен шыныдай быт-шыт болып шағылған ақыиқатты тәуелсіз ұрпақ бір-бірлеп жинап, сынықшаларын құрастырып қойғандай . Алдыдан керілген КАРЛАГ –тың тік сым темірлері тұсауланған арманды білдіреді.
Мозаиканың оң қапталында сөзбен соғылған мүсін – 103 жолдық «Кәрі қыран туралы баллада» Қайым Мұхамедхановтың образын ашып, монументтің еңсесін көтереді.
Орталық пилонда алтын әріптермен «Қайым Мұхамедханов» деп таңбаланған. Жазудың үстіңгі жағында қыран мен қасқыр бейнеленген медальон орналасқан. Қыран мен қасқырдың шайқасы «Кәрі қыран туралы балладаның» мазмұнын ашады, ақ пен қара, ақиқат пен жалған арасындағы мәңгілік күрестің символы ретінде ойластырылған.
Оң қанаттағы үшінші пилонның негізгі элементі – ашулы барыс өзінің бар айбатымен, қайсарлығымен Сталин заманына сес көрсетіп тұр.
Бұл – ел үшін заманға қарсы шыққан Алаш арыстарының бейнесі. Барыстың қасында қазақтың бек буынған бағландары : Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышпаев, Жүсіпбек Аймауытов, жас Мұхтар Әуезов бейнеленген.
Қайым Мұхамедахановқа арналған ескерткішке ҚР белгілі ақындары Т. Молдағалиев, Т.Жұртбай, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы
Н. Оразалиндермен қатар ШҚО әкімінің орынбасары Т. Түсіпбеков пен жазушының ұрпақтары қатысты.

Бейбітшілік стелласы
115    2011 жылы 12- 13 қазанда ел Тәуелсіздігі мен Семей полигонының жабылуының 20 жылдығы қарсаңында «Бейбітшілік» стелласы бой көтерді. Стелланың ұшар басында шаңырақ, оны айнала ұшқан қарлығаштар мен алтын түстес ұясы Семей полигонының 20 жылдығына орай өткізілетін форумға әр мемлекеттен келетін қонақтарға Қазақстанның бейбітшілікті қалайтын ел екенін танытып тұр.

Әдебиеттер тізімі:

1. Әбдікәкімов Т. Ескерткіштер // Ертіс өңірі.- 2005.- 10 қараша.- б.31
2. Әбдікәкімов Т. Ескерткіштеріміз нені ескертеді?// Ертіс өңірі.- 2005.- 10 қараша.- б.31
3. Әліпбаев Қ. Ел ер ұлдарын ешқашан ұмытпайды// Семей таңы.- 2002.- 20 желтоқсан.- б.2
4. Әпсәләмов Н. Рухы күшті елдің бірлігі күшті// Семей таңы.- 2006.- 20 шілде.- б.3
5. Бекубаев А. Махаббат ескерткіші [Текст] / Бекубаев А. // Дидар. – 2002. – 14 мамыр. – С. 4
6. Еңселі ескерткіш қалай жасалды?// Егемен Қазақстан.- 1995.- 25 наурыз.
7. Жакина А. Тас мүсіндер сыр шертеді// Семей таңы.- 2004.- 16 сәуір.- б.3
8. Зекенұлы Қ. Ескерткіштің іргетасы қаланды// Семей таңы. – 2001.- 23 ақпан.-б.2
9. Қожаев Қ. Ер қайда Қабанбайдай ел қорғаған// Ертіс өңірі.- 2005.- 21 шілде.- б.4
10. Түңлікбаев , Марат. Баба ескерткіші барлығымызға парыз // Семей таңы . – 2011. – 9 қыркүйек. – С. 7
11. Мақанқызы Күлия. Қара тасқа тіл бітірген мүсінші // Ертіс өңірі . – 2010. – 24 қараша. – С. 12
12. Нұғманбекова Р. Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш ашылды// Дидар.- 2002.- 21 желтоқсан.- б.1
13. Сабырбай Қ. «Еркек тоқты құбандық, атам десең атыңдар» // Семей таңы.- 2002.- 20 желтоқсан.- б.1
14. Нұрқасым, Құсмілия. Пилондар образы // Ертіс өңірі . – 2010. – 22 желтоқсан. – С. 12
15. Жолымбет , Қ. Ескерткіш тақта орнатылды // Семей таңы. – 2010. – 7 қазан. – С. 3
16. Кәменұлы, Е. Ұлы Абай ескерткіші // Семей таңы. – 2009. – 22 қазан. – С. 3
17. Қажыбекова , Қ. Елдік пен ерлікке пара-пар: атом полигоны құрбандарына монумент ашылды // Семей таңы. – 2009. – 3 қыркүйек. – С. 3
18.Мұхамадиұлы М. Өлмес даңқ, өшпес ескерткіш ашылды [Аудан соғысына 20 жыл толуына орай] // Семей таңы. – 2009. – 9 шілде. – С. 9
19.Бақытбекқызы Ә. Ескерткіш тақта ашылды // Семей таңы. – 2009. – 28 мамыр. – С. 2
20 «Бүгін біз тарих алдындағы парызымызды өтейміз»// Семей таңы.- 2009.- 18 қыркүйек.- б.1
21. Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі.- Өскемен,2005.- 231 б.