Губернатордың бұрынғы үйі, тарихи-өлкетану музейі.
106    Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 90
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты 19 ғасырдың 50 – жылдарында, шамамен 1856 жылы генерал-губернатор Проценконың бұйрығымен салынған. Сәулетшісі белгісіз. Революцияға дейін бұл үйде әскери губернатор тұрған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бұл ғимарат бостандық үйі деп аталды. Мұнда Семей қаласының алғашқы Совдепі орналасқан. 1918 жылы 11 маусымда Семейде контрреволюциялық бүлік шықты. Ақ гвардияшылар терроры кезінде ғимаратта ақ гвардияшы әскрелер орынласқан. Совет өкіметі қалыпна келтірілгеннен кейін бұл ғимаратта шаруалар корпусының саяси бөлімі, одан соң Семей әскерлер тобының штабы орналасқан. 1923-28 жылдары бұл ғимаратта РКПБ губерниялық комитеті жайғасты. 1930-38 жылдары Қазақстан КПБ облыстық комитеті жұмыс істеді.
1975-78 жылдары ғимаратқа күрделі жөндей жүргізілген. 1977 жылғы қазаннан бастап,мұнда тарихи-өлкетану мұражайы қоныс тепті. Ғимараттың бастапқы бет-бейнесі өзгертілген, парадты есігінің орны ауыстырылды. Едені мен терезелері қайта салынды. Үшінші залдың қалың сылақ қабатының астынан әртүрлді ракурстағы Феникс құсын бейнелеген фрескалар табылады, фрескалар жалған орыстық стильде жасалыпты.
Бір қабатты ғимарат «П» әрпіне ұқсайды. Қазіргі Абай көшесінен (бұрынғы Совет көшесі) орталық қасбеті (фасад) симметрия принципімен шешілген. Орталық бөлігі биіктеу, онда қосымша пайда болған жартылай қабатта он қосымша терезе ойығы жасалған. Орталық бөлігінің карнизі декоративті кертпештермен әшекейленген. Терезелерінің үстінде қамалдық тастары бар және әрбір терезенің асты шығыңқылау етіп жасалған.Қасбеттің бүйір жақ бөлігі ғимараттың бұрыштарында декоративті рельевпен өңделген, ал төбесінде ваза түріндегі әшекейлер бар.Ленин көшесіне шығатын екінші қасбетінде терезе ойықтары бар. Оның орталық бөлігі әшекейіл жауырындықпен және декоративті карнизбен айшықталған. Ғимарат 19 ғасырға тән провинциялық орыс классицизмі стиліне жатады. Ол ішкі алаңдарының рационалды орналасуымен, сыртқы бейнесінің байыптылығымен және салтанаттылығымен сипатталады. Ғимараттың көлемі 423,5 текше метр. Қабырғалары сыланған және әктелген, тағаны тізбекті шойтастан салынған, қабырғалары 2,5 кірпіштен қаланған.
Төбесі ағашпен жабылған, су ағарлары бар темір шатырмен шатырланған, су ағар құбырлары бар. Үш бөлмесінің едені тақтай, бетіне линолеум жабылған. Ал қалған жеті бөлмесіне паркет төселген. Қос терезелі, терезе жапқыштары жоқ. Ғимраттың биіктігі –4,1 метр, бөлмелерінің пайдалы биіктігі – 3,8 метр.Екі бөлмеден тұратын подвалы бар. Ғимраттың жалпы пайдалы алаңы 857,4 шаршы метр. Қосалқы алаңы 170,3 метр. Материалы қызыл кірпіш, ағаш, темір, паркет, линолеум.

Бір мұнаралы мешіт
107    Сәулет ескерткіші 19 ғасырдың 2 жыртыжылдығы
Мекен-жайы: Семей қаласы, Жұмабаев көшесі, 17 – үйдің бұрышы.
Мешітті Стамбулдан келген сәулетші Ғабдулла әпенді салған. Бұл ғимараттың сәулеттік-көркемдік бейнесі биік конус тәрізді жабынмен аяқталатын дөңгелеу формалы, екі қабатты сымдай тартылған мұнарамен айқындалады. Терезелердің үлкен ойықтары таға тәріздес сынадай қағылған аркалармен жабылған. Мешіттің подвалдық бөлмелері бар, ол бірдей төрт бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының екі есігі бар. Бұлар – қоймалар, шаруашылық орындары ретінде пайдаланылады. Мешіттің подвалдық бөлігінің астында тамбур бар, оған жақын тұрған подвалдық бөлік арқылы кіруге болған. Тәрізі, ол мешіттің бағалы заттарын сақтайтын құпия орын қызметін атқарған секілді. Негізгі зал альтаралықбөлігінде үш қырлы кертпеш салынған михрабы бар үш бөлікті орын. Михраб мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккеге бағдарланған. Төбесі қалыпты жабылған. 14 терезесі бар, олардың конфигурациясы ұқсас, онда тік бұрыштар сырт жағынан өңделген жасанды тастармен әшекейленген жарты шеңберлер араласып келеді. Үш есігі мен кіреберісі бар порталдық бөлмесі сарымсақ тәрізді барабаны жоқ шағын күмбезбен аяқталған. Екі күмбез де алтындалған жарты аймен тәмәмдалады. Порталдың есіктері мен бұрыштары капительдері бар жартылай колонна ретінде салынған. Есіктердің үстінде суреті жағынан шағын күмбезді қайталайтын терезе ойықтары бар. Ғимараттың экстерьерінде негізгі залдың порталдық бөлігіндегі бұрыштарда ораналсқан екі мұнара белгілі бір роль атқарып тұрғаны сөзсіз. Залдан мұнараға есіктер мен жоғарғы алаңдарға апаратын баспалдақтармен көтеріледі. Жебе тәрізді тар терезелері бар мұнаралар жарты айлармен тәмамдалады. Жерден бастап карнизге дейін мешіттің бүкіл ғимараты рельефті белдеулермен өрнектелген. Мешіт кірпіш бағаналар және үстінен ағаш орнатылған тағаны бар қоршаумен қоршалған.