Ғимараттың ауқымы әр түрлі жекелеген бөліктері бар білікке орнатылған секілді: қанатшасы бар порталды бөлме, проваславиелік діни сәулет өнеріндегі «трапеза» бөлмесі тәрізді аралық бөлме, негізгі бөлік және михраб. Мешіттің қабырғалары қашаутасты жауырындықтармен, иілген ернеулермен молынан безендірілген. Қазіргі кезде бұл бөлшектері ақшыл-жасыл түспен боялған. Негізгі бөлігі күмбезбен аяқталады. Негізгі ауқымды қосымша безендіруге ғимараттың ұзына бойына орналасқан, аралықтары әрлегіш торкөздермен толықтырылған мұнаршалар қызмет етеді. Ескерткіштің жалпы қабылдануына оның кірпішпен қаланып, әрленген ернеулермен тәмәмдалатын және төрт қырлы жабыны бар шағын бағаналары да қосымша қызмет етеді. Бағаналардың арасына шойын торкөз орнатылған. Қоршаудың негізі – бағаналар арасындағы кеңістікте темірмен жабылған ірге қабырға, бұл жауын-шашыннан бұлінуден сақтайды. Қазіргі кезде мешіт мұсылмандардың жабдықтарды жөнелтетін асханасы қызметін атқаруда. Өкінішке қарай, ескерткіш аумағында соңғы уақытта өзінің бет-бейнесі жағынан ешқандай сын көтермейтін құрылыстар пайда болды. Олар Семейдің ең таңдаулы мешітінің кейпін келтіріп-ақ тұр. Екінші бір проблема тарихи-сәулеттілік бағасы зор және мешітпен органикалық түрде астасып бұрынғы Татар слобадасының тарихи құрылыстарының бұзылуы болып табылады.

Екі мұнаралы мешіт
52    19 ғасырдың ортасының сәулет ескерткіші.
Орналасқан жері: Семей қаласы, Абай көшесі 50
Архивтік материалдардан екі мұнаралы мешіттің құрылысы 1858 жылы басталып, 1862 жылы аяқталғаны белгілі болды. Мешіт облыстық дін басқармасының тапсырысы бойынша көпестер Сүлейменовтың, Әбдешовтың, Рафиковтың, Халитовтың қаражаттарына салынған. Жобасының авторлары – облыстық сәулетші Болботов, инженер-поручик Манашев болған. Санкт-Петербург (Ленинград ) қаласының мемлекеттік тарихи архивінде сақталған өтініш құжатта Семей қаласының Мұхамет дініндегі тұрғындары бұрын өртеніп кеткен ағаш мешіттің орнына тас мешіт салу туралы сұрайтыны, істе ары қарай бұл мешітті салу қалаға зиян келтірмейтіні, қайта оны көріктендіре түсетіні жазылған. Этнограф Завалишин: «Егер Ертіс жақтан қараса, ол (Семей) өте сұлу және құрылыстары да жақсы. Бірақ бұл нағыз азиаттық қала, онда екі шіркеу ғана бар, екеуі де тастан салынған, есесіне жеті мешіт тұрғызылған, оның біреуі тастан салынған соборлы екі мұнаралы архитектурасы тамаша мешіт, ол тек 1862 жылы ғана аяқталған.» деп жазады.
1897 жылы көпес Василийдің қаражаттарына мешіттерді күрделі жөндей жүргізілген. Ескі ағаш мұнаралы кірпіштен қаланған. Подвалдағы кіреберіс жерлерге және плдволдарға жауын сулары мен аязда кірмеу үшін қосалқы қалқалар салынған. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің ғылыми-ретаврациялық және жөндеу бірлестігінің бригадасы 1971 жылы қос мұнаралы мешітті реставрациялауды бастаған.
Мешіттің подвалдық бөлмелері бар, ол өз алаңы жағынан ғимараттың алаңына тең. Подвал төрт бөлікке бөлінген, оның әрқайсысының екі есігі бар. Бұлар – қоймалар, шаруашылық орындары ретінде пайдаланылады. Мешіттің порталдық бөлігінің астында тамбур бар, оған жақын тұрған подвалдық бөлік арқылы кіруге болады.14 терезесі бар, олардың конфигурациясы ұқсас, онда тік бұрыштар сырт жағынан өңделген жасанды тастармен әшекейленген жарты шеңберлер араласып келеді.
Үш есігі мен кіреберіс порталдық бөлмесі сарымсақ тәрізді барабаны жоқ шағын күмбезбен аяқталған. Екі күмбез де алтындалған жарты аймен тәмамдалады. Порталдың есіктері мен бұрыштары капительдері бар жартылай колонна ретінде салынған. Есіктердің үстінде суреті жағынан шағын күмбезді қайталайтын терезе ойықтары бар. Ғимараттың экстерьерінде негізгі залдың порталдық бөлігіндегі бұрыштарда орналасқан екі мұнара белгілі бір роль атқарып тұрғаны сөзсіз. Залдан мұнараға есіктер мен жоғарғы алаңдарға апаратын баспалдақтармен көтеріледі. Жебе тәрізді тар терезелері бар мұнаралар жарты айлармен тәмамдалады. Жерден бастап кранизге дейін мешіттің бүкіл ғимараты рельефті белдеулермен өонектелген. Мешіт кірпіш бағналар және үстінен ағаш орнатылған тағаны бар қоршаумен қоршалған.