Тыныбай Кәукенов мешіті
108    19 ғасырдың бірінші жартысындағы сәулет ескерткіші.
Орналасқан жері: Семей қаласы, Жамбыл көшесі 18
1872 жылғы 15 желтоқсанда Семей қалалық думасы Үкіметтік сенаттан Ертістің сол жақ жағалауындағы слободкаларды қаланың шеңберіне қосуды сұрайды. Бұл туралы Омбы мұражайындағы «Судың ар жағындағы Слободканың Семей қаласына қосылуы туралы істің» материалдарында жазылған. Судың ар жағындағы Слободкалар «Тыныбай», «Жоламан», «Тарақты» секілді шектескен үш мекеннен тұрады, онда дені қырғыздар болып табылатын 534 үй, 2686 жан тұрады» делінген. Үкіметтік сенат қалалық думаның өтінішін қанағаттандырған. Сол жақ жағалаудағы «Тыныбай Слободкасы» деп аталған қаланың бір бөлігі уақ руынан шыққан екінші гильдиялы көпес Тыныбай Кәукенов деген қырғыздың (қазақтың) есімімен байланысты. Мұны 1839 жылғы 22 тамыздағы «Семей қаласының жоғарғы жағында көшіп жүрген қырғыздардың жағдайы туралы баяндама» атты мұрағаттық материал да растайды: «… Семейлік Тыныбай Кәукенов деген қырғыз қырда сауда жасаумен айналысып, біршама қаржы жинап алды, сөйтіп қалада үй салып,1839 жылы үшінші гильдия бойынша көпестікке жазылды».
Сондай-ақ қазақстанның архивінде «Уақ болысының старшинасы Кәукеновты Семей қаласының көпестер сословиесыне кіргізу туралы» 1842 жылғы мұрағаттық іс сақталған.
Ескерткіштің архитектурасы «татар-сібір» мешіттері деп аталатын типке жатады, бұлардың салыну принципі провославие діни сәулет құрылыстарына өте ұқсас, мұнда да бір білікке ауқымы әртүрлі құрамдас бөліктер орнатылған.Басты ерекшелігі исламға тән ғимараттың күмбез және тік формалы болып аяқталуында жатыр.
Тыныбай мешітінің қабырғалары жұтаң безендірілген. Оларды тік бұрыш формалы терезе ойықтары, сондай-ақ әйелдерге арналған бөлмені жарақтандыратын негізгі ауқымның екінші қабатының төбетерезелері жандандырып тұр. Әртүрлі өрнектермен әшекейленген түтін құбырлары мен су ағар құбырлар қосымша әр береді. Ғимаратты жаңадан қаптау пен мұнарасын «жаңғырту» әрекетінің сәтсіз шыққанын атап өткен жөн. Ойлнбай жасалған әрекеттердің салдарынан мұнара да, бүтіндей алғанда мешіт те өзінің бастапқы келбеті мен сұлулығынан айырылды. Яғни, ондағы «ескінің бояуы» кетірілді. Ал сәулеттік көріктен жұрдай ауладағы қосалқы құрылыстар ескерткіштің ең пайдалы байқау нүктелерінен қарауға мүмкіндік бермей, оны жауып қалған.

Воскресенск православие соборы
53    Сәулет ескерткіші 1857-1860
Семей қаласы. Парижской Коммуны 18
Бұл ғимарат «Тоновтық» құрылыстар типіне жатады. Лейбгвардия егер полкына арналған Санкт-Петербургтегі Миронов шіркеуінің жобасын жергілікті сәулетші Болботов қайта өңдеп және жергілікті жағдайларға ыңғайлап жасаған. Бір қарағанда шіркеу притвордан, трапеза бөлмесінен, негізгі бөлік және альтардан тұрады. Негізгі ауқымның үстіне қуатты сегіздік орналасқан, оның әр қыры үстіңгі жағы жартылай циркульді дөңгелекпен аяқталатын тар тереземен ойылған, оның әрқайсысының ағаш қаптамалары бар. Сегіздіктің қырлары үлкен кокошниктермен тәмамдалады, олардан трапеция тәріздес жабық шатырдың қырлары басталады. Шатырдың өзі әлгіден кішіректеу кокошниктрмен аяқталады, оларды жоғары қарай кеңейе беретін сегізқырлы, православиелік крест орнатылған бас жағы сарымсақ тәрізді барабан көтеріп тұрады. Негізгі ауқымының бұрыштарында төрт онша биік емес барабан бар.Шіркеудің батыс жағында төрттікте сегіздік принципімен орналасқан притворы бар қоңырау мұнарасы бар.