Төрттіктің бұрыштары жауырындық қабырғаларымен өңделген. Оның жартылай циркульді болып аяқталатын тік бұрышты ойықтары бар. Сегіздік пен қоңырау бөлмесі де бас сегіздік секілді аяқталған: онда шатыр тәрізденіп аяқталатын бірқатар кокошниктер мен басы сарымсақ тәрізді болып бітетін күмбезбас орналасқан. Осы тәрізді күмбезбастың бірі алтаралық бөліктің үстінде қойылған. Өкінішке орай, 20 ғасырдың 90 – жылдарында жүргізілген оған жақын маңайды жаңғырту кезінде тарихи қоршауы жойылған.
Воскресенск храмы үш престолды: бастысы Христостың Тірілуі құрметіне, солтүстік бөліктегісі Құдай Архистратигі Михаилдың құрметіне, оңтүстік бөліктегісі бірінші Воронеж епископы шырақшы Митрофанның құрметіне орнатылған.
Кеңес өкіметінің алғашқы он жылдықтарында бұл храм әрекет етіп тұрған. Әртүрлі жылдары ол «жаңартушы», «григориандық» кейіннен қайта правослаивелік болып жүріп, дінбасылары жаппай тұтқындалып көздері құртылған 1937 жылы жабылып тынған.Солардың қатарында Воскресенск храмының соңғы пірәдарлары белгілі ғалым, протоиерей Борис Герасимов та болған. Храм толық талауға түскен, дегенмен, Семейдегі бұзылмай қалған бірден бір шіркеу.1944 жылы мұнда қайтадан ғибадат ету басталған. Басқа храмдар бұзылып қалғандықтан және Воскресенск храмы Семей-Павлодар епархиясының билеуші архиерейлерініңтұрақты түрде мінажат ететін орны болғандықтан Кафедралдық собор мәртебесін алған. Қазіргі кезде епархия таратылған. Воскресенск соборы қаланың бұзылған храмдарының безендірілу фрагменттерін, атап айтқанда, Знаменск соборының иконостасын сақтап келеді.

Бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты
109    Мекен – жайы: Семей қаласы, Уранхаев көшесі,17 үй.
1873 жылы Семейде төрт кластық әйелдер прогимназиясы ашылған болатын. Гимназияның алғашқы оқытушыларының бірі Семейдің тұңғыш кәсіпқой суретшісі, Семейдегі орыс географиялық қоғамының мүшесі В.Н.Белослюдов болған. 1909 жылы прогимназияның атауы әйелдер гимназиясы деп, оқу мерзімі 7 жыл болып өзгертілген. Кейін мұнда партия мектебі орналасты. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда көшпелі госпиталь болған. 1951 жылдан бастап зоотехникалық-мал дәрегерлік институт. 1986 жылы желтоқсан айында ғимарат өртеніп кетті.
Үш қабатты, қызыл кірпіштен қаланған ғимарат. Подвалы бар. Тағаны тізбектелген шойтас, ірге қабырғасы кірпіштен қаланған, қабырғалары мен бөқлме аралықтары кірпіштен қаланған, өңделмеген, қасбеті орташа күделілікте безендірілген. Төбесі шектесе жабылған, шатыры темір, едені тақтай, плитка және цемент. Сылақ, әктеу секілді өңдеу жұмыстары жүргізілген. Ғимараттың биіктігі, төбесіндегі топырағымен қоса есептегенде – 14,8 метр, ғимараттың көлемі 37208 текше метр.

Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевскийдің жұптық ескерткіші
62    1977 жылдың өнер монументі – ескерткіші мекен – жайы: Семей қаласы, Достоевский көшесі 118
«Ш.Уәлихаеов пен Ф. Достоевский» жұптық композициясы Семей қалалық атқару комитетінің тапсырысы бойынша РСФСР көркемсурет қорының Москвадағы экспериментальды скульптуралық-өндірістік комбинатында жасалған. Ескерткіш Мытище қаласындағы зауытта құйылған. Авторы мүсінші Д.Г. Элбакидзе. Бұл ескерткіштің негізіне 1859 жылы Семейде Лейбин фотосалонында түсірілген фотосурет алынған.
1859 жылы мамыр айында Достоевский Сібірден Ресейге қайтуға рұқсат алады. Ол жол қағаздарын күтіп жатқанда Ш. Уәлиханов Қашқариядан қайтып оралып, Омбыға географиялық жаңалық ашқаны туралы хабар әкеле жатқан болатын. Омбыға бара жатып, ол Семейдегі өзінің ескі досына соғады, екеуі қоштасарда суретке түскен.
Жұптық мүсінді жасауға тапсырыс Элбакидзеге 1975 жылы берілген. Сол жылы маусым айында ескерткіш моделі келісілді. Жұмыс 1977 жылы мамыр айында аяқталады. Ескерткіш Ф. Достоевский атындағы Семей әдеби-мемориалдық музейі ғимаратының жанына 1977 жылғы қыркүйекте орнатылды.
Уәлиханов пен Достоевскийдің арасындағы терең достыққа олардың хаттары куә: «Семейде сізбен бірге өткізген сол аз күн маған сондай ыстық. Енді тағы да сізге бару туралы ғана ойлап жүрмін… Әрине, сіз менің өзіңізді қаншалықты аңсап тұратынымды және сізді қалай сүйетінімді білесіз ғой». (Ш. Уәлихановтың Ф. Достоевскийге жазған хатынан) Ескерткіштің сипаттамасы: Ш.Уәлиханов пен Ф. Достоевский достық тыныш әңгіме үстінде отыр. Екеуі де әскери форма киген: Уәлиханов офицер формасында, эполеті бар китель, Достоевский шинель киген. Екеуі бірін бірі құшақтап отырған секілді. Екеуінің де жүздері тыныш, ой құшағында.