Абай ескерткіші
56    Ескерткіш – өнер монументі. Ескерткіш 1972 жылғы қыркүйекте қойылған.
Семей қаласы, Абай алаңы. Бірлесіп пайдалану сипаты туристік-экскурсиялық.
Қазақ халқының ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы Семей қаласымен тығыз байланысты. Абай алдымен медрседе , одан кейін орыс училищесінде оқыған.Семейде Абай шығыс поэзиясының көрнекті өкілдері : Саадидің, Низамидің, Фирдоусидің шығармаларымен танысты.
Өзінің Жидебайдағы ауылында тұрғанда да Абай Семейде жиі болған. Ол өзінің жерлесі Анияр Молдабаевтың бұрынғы Загородний көшесіндегі үйінде апталап тұрған.
Абай қоғамдық кітапханаға жиі барған. Спенсердің, Бокльдің, Дарвинның Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың, Толстойдың, Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқыған және қайталап оқыған. Сондай-ақ энциклопедиялық сөздіктерді, анықтамалықтар мен атластарды оқып-үйренген. Ол Лермонтовтың «Кинжал», «Парус» сынды өлеңдерін, Пушкиннің «Евгений Онегинінің» тарауларын, Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударған.
Семейде Абай Михаэлиспен, Долгополовпен, Леонтьевпен танысты, ақын мен саяси жер аударылғандардың арасында тығыз достық қатынас орнады. Өзінің достарының арқасында Абай барған сайын қала мен ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысты.
1885 жылы ол музейдің қазақ халқының өміріне, тұрмысы мен дәстүрлеріне арналған бөліміне 60- қа жуық бағалы мұрағаттарды тапсырған.
1886 жылы ақын статистикалық комитеттің мүшесі,1902 жылдан Географиялық қоғамның мүшесі, ол бастауыш білім беруге қамқорлық жасау қоғамының жұмысына да қатысады.
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қаулысымен Семей қаласында Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату шешілген болатын. Ескерткіштің авторы – мүсінші Д.Г. Элбакидзе, сәулетшісі Шингарев. Құрылыс жұмыстарының құрамында В.Гусалов, Б. Метелин бар бригада жүргізген.

М.О.Әуезов ескерткіші
110    Ескерткіш – өнер монументі.
Ескерткіш 1987 жылғы 28 қыркүйекте қойылған. Ескерткіштің қойылған жері Семей қаласы, Әуезов алаңы
Бастапқы жоба бойынша қазіргі заманғы пайдалану сипаты туристік-экскурсиялық. 1987 жылғы 28 қыркүйекте Семей қаласының тұрғындары өздерінің даңқты тұрғындары өздерінің даңқты жерлестері, акадекмик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 90 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Жазушының мерейтойы бүкіл кеңес халқы Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына дайындалып жатқан даңқты күндерде атап өтілді. Жалынды патриот, сөз зергері, ойшыл гуманист, туған жерінің шабытты жыршысы, академик М.Әуезов наным-сенімі жөнінен дәйекті интернационалист болатын. Оның «Еңлік-Кебек» «Халықтың қамқоры», «күндестер» секілді алғашқы шығармалары қазақ театрының алтын қорына енген. М. Әуезов қазақ әдебиетінің көптеген жанрларының тұсауын кесуші болған.
Әуезовтің туғанына 90 жыл толуы құрметіне Семей қаласында ескерткіш ашылды. Ол біздің замандастарымызға, кейінгі ұрпаққа өмірге қалай қарау керектігін, ұлы мұраттар жолында қалай күресу керектігін, қандай биік мақсаттарға ұмтылу қажеттігін ескертіп тұрады.
Ескерткіштің авторлары – Қазақ КСР лауреаттары, мүсінші Т.С. Досмағамбетов, сәулетші КССРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты В.В. Катцев және А.С. Қайнарбаев.
Тапсырыс беруші – қалалық коммуналдық шаруашылық. 1992 жылғы 29 қазандағы хаттамалық шешімнің негізінде 1995 жылы ескерткіш қалаланың Жаңа Семей бөлігіндегі Әуезов алаңына көшірілді.
Монумент дамыған сәулеткерлік шешім ретінде көрініс береді. Оның тұғыры сұр граниттен жасалған, оның үсітне М.О. Әуезовтің 5 метрлік қола тұлғасы орнатылған.
Материалы – қола. Тұғыры – гранит. Ескерткіштің баланстық бағасы 71000 рубль. Монумент Ленинградтың «Монументскульптура» зауытында құйылған.