Революция мен азамат соғысының батырларына арналған ескерткіш («ажал вагондары» тұрған жер)
111    Тарихи және монументальды өнер ескерткіші (1977 жылғы 2 қараша)

Мекен-жайы: Семей қаласы. Маяковский көшесі

1918 жылы 1 қаңтарда Семейде РСДРП комитеті құрылды. Еңбекшілер қалада Кеңес өкіметінің орнауын құттықтап жаты. Бірақ таяп қалған ақ гвардия бөлімдерінің қолдауын сезінген контрреволюцияшылар 1918 жылғы 11 маусымда қалада контрреволюциялық төңкеріс жасады. Қалада ақтардың терроры басталды, ол атаман Анненков келген соң тіпті күшейді. Қазіргі 352-353 кварталдар орналасқан тұрғын массивтердің жанынан ол кезде уақытша Сроственка теміржол айырығы өткен. Міне, осы араға Анненковтың бұйрығы бойынша ажал вагондары қойылған.

Революцияға қатысқан Семейдің, Павлодардың, Петропавловскінің, Барнаулдың және басқа қалалардың коммунситері, Қазақстан мен Алтайдың коммунистері аштық пен суықтан азап тартып, ақ гвардияшылардың өлтіретін күнін күтіп, осы вагондарда қамалып жатты. Осы вагондарда большевиктерге жасалған жантүршігерлік оқиғалар туралы көрнекті қазақ жазушысы С. Сейфуллин өзінің «Тар жол тайғақ кешу» атты кітабында жазған болатын. Күзетшілерден өз туғандары мен туысқандарның тағдырын біле алмай вогндардың жанында күндіз-түні қолдарында дорбалары бар қарттар мен балалар, әйелдер мен аналар тұрды. Таң алдында ақ гвардияшылар тұтқындарды қарағайлы орман жанындағы құмды тақырға апарып атқан. Ажал вагондарында қаза тапқандардың ішінде қаланың көптеген кәсіпорындарының қызметкерлері бар болатын. Ажалға басы байланғандардың ішінде әсіресе өнеркәсіпті Затон ауданының жұмысшылары көп еді. Кейін 183 адам бұрынғы Никольск соборының скверінде, қазіргі Ленин атындағы паркте жерленді. Ескерткіш революция құрбандарына, батыр большевиктерге және совет өкіметі мен жұмысшы табының, кедей шаруалардың ісі жолында өмірін қиғандардың барлығына орнатылған.

Бұл ескерткіш кешеніне ажал вагондары, аза тұтқан үш әйел мен кернейші кіреді. Кешенді биіктігі 4 метрлік кернейші қызыл армияшының тұлғасы ашады, ол 9 метрлік тұғырда орнатылған. Қызыл Армияшы кернейші тұлғасы бұл революция әуенінің, өмірдің өлімді жеңетіндігінің белгісі. Кернейші керней тартып, Кеңес өкіметінің орнағаны туралы хабар беріп тұр.

Қолдан жасалған теміржол құмдағында белгі соғылған екі вагон тұр. Үшінші вагон өзінің натуралды үлкендігі мөлшерінде қойылған, оның көлемі 4×4×6 метр. Ашық есіктерден әбден азапталған революционерлер көрінеді. Вагондардың қабырғаларына:

1. «Мәңгі есімізде». «Олар барлық болашақ ғасырлардағы бақыт үшін толық құнын төледі».

2. «Әлемдік революция үшін батыр күрескерлер. Ұрпақтың өлім арқлы мәңгілікке беттеген сендердің жолдарыңды ұмытпайды» – деген жазулар жазылған.

Аза тұтқан әйелдер мүсіні бір тұғырда орнатылған, олардың біреуі баласын құшақтар тұр. (биіктігі 4,5 метр).

Материалдары: әктаспен қапталған бетон, беті тегістелген әктастан жасалған қаптағыш тақталар, мырышталған болат, қорғасын сым, әктас қиыршықтары.