Жауынгер-ауғандықтарға ескерткіш
112    2002 жылғы 4 желтоқсанда қойылған.
Мекен-жайы: Семей қаласы, медицина академиясының қарсысы.
Бұл ескерткіш 1979-1989 жылдары болған, сол бір жарияланбаған соғыста қаза тапқан Семей қаласының 46 тұрғынана арналған. Он жылдық соғыста Ауғанстанда қаза тапқан семейліктерге монумент орнату идеясы олардың жауынгер достарынікі.
Жауынгер-интернационалистерге ескерткіш жылтырлатылған қара граниттен (габродан) жасалған.
Ескерткіш екі бөліктен тұрады. Олар атып түсірілген құстың қанатын бейнелейтін екі стелла мен жылтырлатылған қара гранит. Үлкен стеаллада жауынгер-интернационалситердің 46 фамилиясы ойып жазылған. Мүсіндік композициясы екі фигурадан тұрады: Отан-Ана мен оның алдында бас иіп тұрған жауынгер. Оның жанында құстың екі сынған қанатын бейнелейтін гранит жартас тұр. Сол жақ қанатында барлық қаза тапқан Ауған соғысының батырларының аты-жөндері жазылған. Ал келесі жағында естелік сөздер қашалған.
Ескерткіштің авторы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі мүсінші Мұратбек Жанболатов.
Ескерткіштің ауқымы: үлкен стелланың биіктігі 5,15 см. Жауынгер фигурасы 1,56*83*79
Жұмысты «Суретшілер Одағы», «Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мүсіншілер мен суретшілер тобы ескерткіш авторы мүсінші Мұратбек Жанболатовтың басшылығымен орындаған.

Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші
113    2002 жылғы 13 желтоқсанда қойылған.
Мекен-жайы: Семей қаласы, Ленин көшесіндегі Халықтар достығы үйінің алды.
Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздік күні қарсыңында 2002 жылғы 13 желтоқсанда Семейде 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасына қатысушы, өлгеннен кейін «Халық қаһарманы» атағына ие болған Қ. Рысқұлбековке ескерткіш ашылды.
«Халық қаһарманы» Қ. Рысқұлбековтің ескерткіш-бюсті жылтыратылған қара граниттен (габродан) жасалған.
Ескерткіш авторы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі мүсінші Мұратбек Жанболатов.
Ескерткіштің бет жағында «Қайрат Рысқұлбеков Халық қаһарманы» деген сөздер жазылған.

«Өлімнен де күшті» монумент
55    2001 жылы 29 тамыз күні «Өлімнен де күшті» монументі» Семей ядролық полигонының жабылуына 10 жыл толуына орай ашылды.
Ескерткіш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдағы 25 сәуірдегі № 556 «Семей ядролық полигонының жабылуына арналған монумент орнату» Жарлығына сәйкес орнатылды.
Монументтің биіктігі 25 метр, ені 10 метр, қалыңдығы 2 метр құлыптас тәрізді. Құлыптаста атом саңырауқұлағы бейнеленген. Монументтің төменгі тұсында қаршадай сәбиін қауіп-қатерден көлекейлеген ақ мәрмәр тастан жасалған ана бейнесі бар. Рухтың өлімнен де күшті екенін дәлелдеп тұр.
Құлыптастың төменгі бөлігінде мынадай мазмұнды үндеу жазылды: «Уа, жаратқан ие, біз көрген зұлматты енді ешкімнің басына бере көрме! Қасиетті Жер-Ананың қасіретті азалы үні әлі естіліп тұр!».
Монументтің авторы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулеткер, архитектор Шота Уәлихан.