Қабанбай батыр ескерткіші
57    2004 жылы 14 желтоқсанда Семей қаласында темір жол вокзалының алдында батыр, Қаракерек Қабанбайға арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Бұл ескерткіштің Жобасын 2003 жылы мәдениет министрілігінң мемлекеттік комиссиясымен қабылданған болатын. Ескерткіш мүсінші Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Е.А. Көкеевтің жобасы бойынша салынған.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метрді құрайды, батыр мініп тұрған тұлпар мен ат үстінде отырған батырдың 3,8 метр биіктігі, салмағы 3,5 тоннаны құрайды. Қаракерей Қабанбайға Семейде ескерткіш қойылуы тегіннен тегін емес. Азан шақырылып қойылған есімі – Ерасыл. Қаракерей Қабанбай қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан . Қабанбай Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас баиырларының біріне айналды. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды. Батыр есімі жерлестерінің мақтанышпен айтатын есімдердің бірі.
2005 жылы 16 шілдеде қазақ гуманитарлық-заң университетінде Қабанбай батыр мұражайы ашылған болатын. Мұражайда батыр туралы тарихи және көркем әдебиеттер қойылған.

«Шәкәрім» ескерткіші
59    Шәкәрім ескерткіші 2008 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды.

Шәкәрім ескерткішінің авторы мен мүсіншісі Қазтай Нарысов, сәулетшісі Шотаман Уәлиханов. Жобаның құы – 50,0 млн. теңгені құрап отыр. Ескерткіштің құрылысы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің тапсырмасымен 2008 жылдың шілде айынан басталады.

Ескерткіштің биіктігі – 4.7 м, салмағы –9,0 тонна.

Әміре Қашаубаев ескерткіші
114    Қазақтың ән-өнерін асқақтатқан ән атасы Әміре Қашаубайұлының 120 жылдық мерейтойына орай қаламызда Б. Момышұлы мен Қабанбай батыр көшлерінің қиылысында ұлы тенордың ескерткіші ашылып, екі күн бойына «Ән еркесі Әміре» деген аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
Әміре Қашаубаев 1888 қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылы – әнші, музыкант. 12 жасқа толған әкесі Семей қалсына көшіп келген.
1925 жылы Париж қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысып, «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан» т.б. әндерін орындап, 2- бәйге мен күміс медальді иеленеді. «Париж апталығы» апталық газеті мен «Ле мюзикл» журналы Әміренің сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна унив. проф. Перно фогографқа (күйтабаққа) Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Әміре шет елде өнер көрсеткен қазақ әншісі болды.
Әміре 1927 жылы сәуір айында Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, тағы да қазақтың халық әндерін әлемге паш етті.Оның орындауындағы әндер сәнді ырғағымен, нәзік нақышымен, сазды әуенімен ерекшеленеді. Әміренің әндерін дүниежүзі мәдениетінің ірі өкілдері Р.Роллан, А. Барбюс, А.В. Луначарский т.б. жоғары бағалаған. А.В. Затаевич Әміреден көптеген әндерді «Балқадиша», «Дудара-ай», « Бес қарагер» жазып алып, «Қазақтың 500 әні мен күйлері» (1931 ж) жинағында жариялады.