Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі: пікірталас алаңы

19.10.17

2017 жылдың 18 қазанында қаламыздағы Қаржы экономикалық коледжінде «Отбасы орталығы» Қоғамдық Қоры мен Абай атындағы кітапхана қызметкерлері бірлесе жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша пікірталас алаңын ұйымдастырып, латын қарпіндегі сирек басылымдарымен шараға қатысушы жастарды таныстырды.

Жастар қоғамдық ой-сананы жаңғыртуды қалай түсінесің, рухани байлық не, адамгершілік дегеніміз не, елінің патриоты қандай адам, болашақ Қазақстандық азамат қандай болу керек, отбасы құндылығы дегеніміз не, отбасын жоспарлау мәселелері жайлы, ата-ана рөлі ұрпақ тәрбиесінде, көп балалы отбасы, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау жайлы және бүгінгі қоғамды толғандырып отырған латын қарпіне көшу мәселелеріне қатысты студенттер белсенді түрде өз ойларын ортаға салды.

Қазақ Инновациялық Университетінің тәрбие жөніндегі проректоры, саяси ғылымдар докторы Бухаева Анар Арғынқызы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Куангалиева Анар Ахметкалиевна, «Отбасы орталығы» Қоғамдық Қорының орындаушы директоры Асташкина Людмила Михайловна қатысуымен өткен пікірталас алаңында студенттер аталған мәселелердің барлығын талқылады.