«KITAP FEST SEMEY- 2024»: кітап көрмесі және жәрмеңкесі
Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай 20 сәуір күні Жастар ресурстық орталығы мен «Alash Jastary» жастар ұйымының ұйымдастыруымен қала орталығындағы арбатта «KITAP FEST SEMEY- 2024» кітап көрмесі және жәрмеңкесі өткізілді.
Бұл шараға біздің кітапхана да үлкен қолдау танытты. Қазақстан және өлке өңірі бойынша мерейтойлы жазушылар: С. Сейфуллин, С. Дөнентаев, І. Жансүгіров, С. Жүнісов, Қ. Сәтбаев, Т. Ибрагимов, Д. Сейсенұлы, Т. Көбдіков, А. Манабаев және т.б. еңбектерінен кең көлемді кітап көрмесін жасақтап, кітапхананың балдырған оқырмандарына қызықты кітаптар таныстырылымы өткізілді.
Сонымен қоса көрмеде жергілікті ақын-жазушылардың портреттері қойылды. Аталмыш шара аясындағы кітап алмасу форматына кітапхана 50 ден астам кітап берді.
Кітап жәрмеңкесі өтіп, викториналық ойындар ұйымдастырылды. Мәдени іс-шарада Атамұра, Жәрдем, Отбасы хрестоматиясы, KancBook, Kitap Al кітап дүкендері өнімдері болды.
Құрметті оқырман, кітап әлеміне саяхат жасағыңыз келсе, Біз қолдаған және Біз ұйымдастыратын іс-шараларға қатысыңыз! Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!