Интернет желісінде сөйлесу: тренинг

23.10.17

2017 жылдың 17-23 қазан аралығында зейнеткерлер үшін «Интернет және электронды пошта» оқыту тренингі өткізілді. Тренингтің құрылымы – электронды пошта, әлеуметтік желілер және Интернет арқылы іздестіру, сөйлесу, сұхбаттасу бөлімдерінен тұрады. Оқу барысында қатысушы 3 зейнеткер Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде сөйлесу, т.б. үйренді. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушылардың көңілінен шығады, өздерінің жаңа өмірлерінде белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Зейнеткерлер компьютерлік сауаттылық алып, Интернет арқылы іздеу, сұхбаттасуды үйреніп, тренингтен күтілетін нәтижеге жетті. Өйткені қазіргі уақытта жаңа технологияларды білу өте қажет.