Польша елшісі кітапханада

03.11.17

Бүгін біздің кітапханада Қазақстандағы Польшаның Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич қонақ болды. Елші «Абайдың рухани орталығында» болып, Абай заманында жарыққа шыққан, Абай оқыған сирек басылымдармен танысып, оған қызығушылығын білдірді. Кітапхананың сирек қорын тамашалап, Елші өзінің таңданысын жасырмай поляк тіліндегі еңбектерді тамашалады. Ерекше ілтипатпен Селим Хазбиевич поляк тіліндегі сөздіктерді, көркем шығармаларды, көрнекті поляк тарихшыларының, құқықтанушылар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерін қарап шықты. Әдебиеттермен танысу барысында Елші мырза поляк жазушыларының туындылары жайлы өз білгенін кітапхана қызметкерлерімен бөлісті. Кездесу соңында Елші кітапхана қызметкелеріне мазмұнды әрі мәнді болған кездесуіне алғысын білдірді.