Еуропалық қонақтар кітапханада: кездесу

11.12.17

9 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан елшілігіне тәжірибе алмасуға келген Еуропа мемлекеттерінің жас өкілдері Александр Банке (Франция), Айра Иксенбранд (Голландия), Мириям Грюнхольц (Швейцария) қонақта болды. Келген меймандармен кітапхана қызметкерлері пікір алмасып, мемлекетаралық қарым-қатынастар жайлы сөз қозғады. Сұхбат барысында қонақтар еліміздің табиғаты, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне қызығушылық танытып, өз пікірлерін айтты. Қонақтардың құрметіне кітапханамыздағы «Кілт» клубының өкілдері ағылшын тіліндегі әндерден шашу шашты.

Келген меймандар кітапханамызға саяхат жасап, Абайдың рухани орталығын тамашалады. Кітапхананың сирек қорындағы ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырлардың басында жарық көрген құнды басылымдардың сапалы сақталғанына үлкен таңданыс білдіріп, кітапхана ұжымына шығармашылық табыс тіледі.