Әріптестер құттықтаулар қабылдауда

14.12.17

14 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кітапхана саласын дамытуға қосқан үлесі және кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы ерен еңбегі үшін әріптестеріміз: О.Ф.Мальцева, А.Т Жүнісова, А.Мырзалина, М.Малғаждар, Г.Омарбаева, А.К.Камабекова, А.Абельдинова, Г.Баймухамбетова, М.Изекенов, М.Укешева, М.Байжанов Семей қаласы әкімінің, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Кітапхана ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, тың бастамалар мен шығармашылық табыстар тілейді.

20171214_140548