Тағы да Жаңа Жыл…: сазды-әуен кеші

27.12.17

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Абай атындағы әмбебап кітапханасының қабырғасында құрылған «Ключ» музыкалық клубының мүшелері кітапхана оқырмандары мен қала жұртшылығына арнап, Жаңа жылдық сазды кешін өткізді.

Кештің негізі ретінде барша жұртқа танымал «Ирония судьбы» кинофильмдегі әндер орындалды. Сондай-ақ, халыққа аса танымал емес заманауи махаббат жайлы, қыс мезгіліне арналған, жаңа жылдық әндер қонақтардың көңілінен шықты. Клуб мүшесі Юрий Даутбековтың «Ирония судьбы» кинофильміне арнап шығарған «Если ты веришь в чудо» әні мен Вадим Синнің орындауында шырқалған «Пусть вас кто-то поймет» әндері қатысушылардың құлақ құрышын қандырды. Кеш жүргізушісі Тимур Аубакиров өзінің Жаңа жылдық әзілдерімен қонақтардың көңіл-күйін көтере білді. Сонымен қатар көрермендер әндер конкурсы мен клуб мүшесі Виктор Грандтың сиқырларына да белсене қатысып, шараны одан әрі жандандыра түсті. Осындай ерекше атмосфераны клуб триосы: Тимур Аубакиров, Талғат Кәрімов және Андрей Гамбург орындаған “Боже, какой пустяк” әні жалғастырып, кешті әдеттегідей Жаңа жылдық болжам мен отшашу қортындылады.