«Рухани жаңғыру: Latyn- құнды мұра»: ретро-көрме

17.05.18

17 мамыр күні Абай кітапханасының қызметкерлері М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Қазіргі заманғы колледж кітапханасы жұмысын ұйымдастыру» атты  облыстық семинарға «Рухани жаңғыру: Latyn – құнды мұра» ретро-көрмесімен қатысып, қатысушыларды таныстырып қайтты.

Көрмеге  1929-1940 жылдары латын қарпімен қазақ тілінде жарық көрген 50-ден астам басылымдар қойылды. Көрме барысында шолу жасалып, кітаптардың авторлары, тарихы мен мазмұны жайлы мол мағлұмат берілді. Латын қарпіндегі сирек кітаптар көрмесінен ғылымның барлық саласынан, қазақ елінің сол тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері орын тапты. Олардың арасында «Химия», «Алгебра», «Биология» сынды мектеп оқулықтарымен қоса 1936,1939 жылдары жарық көрген Абай Құнанбаевтың, Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің және тағы да басқа қазақ зиялыларының шығармалары шара қонақтарының қызығушылығын тудырды.

Қатысушылар сондай-ақ, барлығы 13 кітапты құрайтын латын қарпіндегі QR-кодты кітап сөресімен танысып, смартфондар мен планшеттерге электрондық нұсқасын көшіріп алу жолдарымен танысты.