«Қаз-Сақ» жастар шығармашылық бірлестігі: дөңгелек үстел

30.05.18

29 мамыр күні қаламызда жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының жанынан Семей қаласының «Қаз-Сақ» жас әдебиетшілер бірлестігінің жиыны өтті. Бұл бас қосудың алғашқы отырысында болашақта жұмыс жасайтын бірлестіктің құрылтай құжаттарының тізімі анықталды. Бірлестік қаламыздағы жас әдебиетшілер мен ақын-жазушы жастардан құрылатын болады. Сонымен қатар арнайы электронды «Қаз-Сақ» порталы және әр ақындардың жеке парақшасы электронды түрде порталда көрсетіледі деп жоспарлануда. Бірлестіктің ресми тұсаукесері Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап орайластырылып отыр.