Менің сүйікті әдеби кейіпкерім: балалар сурет байқауының нәтижелері

01.06.18

Абай кітапханасында 1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім» атты балалар сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Бізді балалардың қандай әдеби кейіпкерлер ұнайтынын, қандай кітаптарды сүйіп оқитының білу қызықтырды.

1-ші мамырдан 30 мамырға дейін кітапхана балалар суреттерін қабылдап, оларды кітапхананың Instagram желісіндегі https://www.instagram.com/semeybib парақшасында жариялады.  Байқауға 5-7 және 8-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Шығармашылық жұмыста ертегіден, әңгіме, поэмадан алынған сүйікті әдеби кейіпкерді бейнелеу қажет болатын. Жалпы саны байқауға 97 бала қатысты. Бұл сайыстың шарттарына сәйкес жеңімпаздар суреттерге қойылған лайктар саны бойынша анықталды.

8-12 жас аралығындағы қатысушылар ішінен:

  1. «Гриль Хаус» мейрамханасының 10.000 теңгелік сертификатына – «Илья Муромец» суретімен Жакипбекова Дания;
  2. «BabyLand» ойын-сауық орталығының – 5000 теңгелік сертификатына – «Карлсон» суретімен Жақсылықова  Аружан;
  3. «Охота. Прятки в темноте» ойын орталығының – 6 адамдық сертификатына – «Күлшеқыз» суретімен Рүстем Ғазиза;
  4. «Баттл» ойын-сауық орталығына – боулинг ойынының сертификатына – «Супермен» суретімен Төлеубек Нұркен;
  5. «ЕНОТиЯ» хайуанаттар бағына – 2 адамға арналған сертификатына – «Алпамыс» суретімен Алиева Айымжан;
  6. «ЕНОТиЯ» хайуанаттар бағына – 2 адамға арналған сертификатына –«3 аю» суретімен Абылкасымова Аделия;
  7. «Tүбәтәй» дәмханасының – 3000 теңгелік сертификатына –«Бауырсақ» суретімен Демидова Елизавета иеленді;

5-7 жас аралығындағы қатысушылар бойынша:

  1. «Гриль Хаус» мейрамханасының 10.000 теңгелік сертификатына – «Бауырсақ» суретімен Буркитова Бота;
  2. «BabyLand» ойын-сауық орталығының – 5000 теңгелік сертификатына – «Рапунцель» суретімен Волкова Катя;
  3. «ЕНОТиЯ» хайуанаттар бағына – 2 адамға арналған сертификатына – «Крокодил Гена» суретімен Жексембек Алибек;
  4. «ЕНОТиЯ» хайуанаттар бағына – 2 адамға арналған сертификатына –«Буратино» суретімен Ильин Эрик ;
  5. «ЕНОТиЯ» хайуанаттар бағына – 2 адамға арналған сертификатына – «Пчелка Майя» суретімен Кладинова Вика;
  6. «Баттл» ойын-сауық орталығының сертификатына – «Бауырсақ» суретімен Абдулкаримова Виктория ;
  7. «Баттл» ойын-сауық орталығының сертификатына – «Алтын балық» суретімен Шамсутдинова Эллина ие болды;

Сондай-ақ,  «Кітапхана көзайымы» жүлдесіне «Муми Тролль» суреті үшін Бадриев Роман, «Ең жарқын сурет» номинациясы бойынша «Павлин және бұлбұл» суретімен Баимбетова Жания, «Шығармашылығы мен ерекшелігі үшін» номинациясы бойынша «Умка» суретімен  Вешкурцева Мария,  «Ең үздік бауырсақ» номинациясы бойынша Жайлауғали Айзере, «Ең үздік ертегі кейіпкері» номинациясы бойынша «Үш торай» суреті үшін  Нұрланова Аружан   ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың арнайы жүлдесіне «Алиса ғажайыптар елінде» суретімен  Медельканова Даяна, «Етік киген мысық» суретімен Колонич Настя және«Құлагер» суретімен  Құмарбек Шырайлым ие болды. Байқауға қатысқан өзге де балаларға ынталандыру сыйлықтары ретінде АҚШ-ның Астана қаласындағы елшілігі ұсынған сурет альбомдары мен қарандаштар сыйға тартылды. Байқауға қатысқан барлық суреттер «Сүйікті кітап кейіпкерлері» көрмесіне қойылып, келушілер назарына ұсынылды.

Кітапхана қызметкерлері атынан шараға көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін барша демеушілерге алғыс хаттар табысталды.