Астана – менің елордам: әдеби-сазды сағат

05.07.18

5 шілде күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында  Семей қаласы Ішкі Істер Басқармасында «Астана – менің елордам» атты әдеби-сазды сағат өткізді.

Аталмыш шараның  әдеби бөлігінде Астананың тарихы мен 20 жылда жеткен  жетістіктері айтылды. Деректі фильмде Астана өмірінен қызықты деректер көрсетілді, мысалы: биіктігі 111 метрлік ең үлкен ту, 120 жылдық тарихы бар ең ескі қара терек, ең биік ғимараттар, көлбеу жеделсатылар, мұхиттан ең шалғай жатқан 120 тонна теңіз тұзы бар океанариум, Гиннес рекордтар кітабына енген биік және әдемі ғимараттар.

«Астана: 20 жыл өркендеумен даму» деректі фильмі елорданы Алматыдан Астанаға көшіру іс-шараларына, Астананың әлемдік саяси, экономикалық және конфессиялық үдерістерге, қаланың архитектуралық трансформациясына ролін таныстырды. Мерекелік іс-шарада Талғар Табыстың орындауында «Мен қазақпын» және «Жаса қазағым» әндері  орындалды.

«Астана – Еуразия жүрегі» кітап көрмесіне шолу іс-шараның әдеби бөлігін толықтырды. Көрмеде кітаптар, мерзімді басылымдар, мультимедиялық басылымдар, Астана қаласының көрікті жерлері бейнеленген ашық карталармен толықтырылды.