Латын қарпіндегі Абай шығармалары: телесюжет

31.07.18

31 шілде күні кітапхана қызметкерлері «Абайдың рухани орталығында» «SEMEI» телеарнасы арқылы кең көлемде көрермен қауымға  таныстыру үшін «Латын қарпіндегі Абай шығармалары»  телесюжетін дайындады. Аталған телесюжет арқылы телекөрермендерге  кітапханамыздың латын қарпіндегі сирек басылымдар топтамасынан  көркем әдебиеттің үздік үлгілері – Абай Құнанбайұлының 1936 және 1939 жылдары Алматыдан «Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» жария көрген «Таңдамалы өлеңдері» жинақтары ұсынылды. 1936 жылғы Абайдың «Таңдамалы өлеңдері» жинағын құрастырушы және жауапты редакторы Р.Жаманқұлұлы кітапқа 1886-1897 жылдар аралығында жазылған ақын өлеңдері мен А.С.Пушкиннен, М.Ю.Лермонтовтан аудармаларын енгізген.

Ал 1939 жылғы «Таңдамалыға» құрастырушысы және редакторы Ы.Адамбеков бірінші бөліміне ақын өлеңдерін, аудармаларын,  екінші бөліміне «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандарын енгізген. Қашанда өзектілігін жоғалпайтын Абай туындылары қалың оқырманның жан-дүниесін жаңғыртар рухани байлық екені даусыз.