Қоңырау соғылды, сабақ басталды!: кұттықтау көрмесі

04.09.18

Абай атындағы кітапханада дәстүр бойынша 1 қыркүйек – Білім күніне орай 4 қыркүйек күні «Қоңырау соғылды, сабақ басталды»! атты кұттықтау көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім күні туралы ақпарат беріп, олардың ғылымға деген құштарлығын арттыру мақсатында арнайы жасақталған көрмеге шолу жүргізді. Аталмыш көрмеге тарихи және танымдық анықтамалар, «Оқушының қысқаша анықтамасы», «Әлем ғажайыптары», «1100 қызықты дерек» және т.б. қызықты кітаптар қойылды. Кітапхана есігін алғаш ашқан бүлдіршіндер тарихы тереңде жатқан кітапханаға аса қызығушылықпен әрі таңданыспен қарап, балаларға арналған кітаптарға ерекше қызғушылық танытты.