Алтайымдай ер кеуделі арысым: кең көлемді кітап көрмесі

27.09.18

Абай кітапханасында 26 қыркүйек күні жазушы, драматург, аудармашы, өзіміздің жерлесіміз,  қазақтың кербұғысы,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналаған  «Алтайымдай ер кеуделі арысым» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені  Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі мен Гуманитарлық заң және технология колледжінің бірінші курс студенттері тамашалап қайтты. Оралхан шығармалары Алтай тауының шыңындай асқақ екені көзінің тірісінде-ақ мойындатқан. Сөзден өрім өре отырып, қазағының қанталаған жеріне шипа іздеген жазушының бар кейіпкері – шынайы тұлғалар. Сондықтан да Оралханның кірпияз шығармасы жасандылыққа ұрынбаған.

Жазушы шығармаларына арқау болған кейіпкерлер көбінесе ауылдың жергілікті тұрғындары: қойшылар, жылқышылар, бұғышылар, механизаторлар, орманшылар, ауыл қарттары мен жастары. О.Бөкей шығармаларың әр жолы туған жері мен еліне деген сүйіспеншілікке толы.

Көрмеге жазушынының әр жылдарды жарық көрген «Қамшыгер»,  «Қайдасың қасқа құлыным»,  «Мұзтау»,  «Өз отыңды өшірме», «Кербұғы», «Құлыным менің», «Қар қызы» және т.б  әңгімелері, повесттер жинағы мен романдары қойылды. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан», «Дидар», «Семей таңы» газет беттеріне жарияланған  зерттеулер мен мақалалар, О.Бөкей туралы цитаталар ұсынылды.

Шара барысында шолу жасалып, қатысушылар асқақ адамгершіліктің, Алтай табиғатының ұлы жыршысы, жазушы Оралхан Бөкейдің өміріне қатысты деректермен, шығармаларымен таныстырылды.