Дін және қазіргі қоғам: рухани сағат

17.10.18

1992 жылдың 18 қазан күні ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өтіп, Қазақстанда адамзат тарихында тұңғыш рет барлық  дін өкілдері,  қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері бас қосқан Конгрессте 18 қазан Бүкіләлемдік Рухани Келісім күні деп жарияланған болатын. Осы орайда Абай кітапханасында 17 қазан күні «Дін  және қазіргі қоғам» тақырыбында технологиялық колледжінің студенттеріне  рухани сағат ұйымдастырылды.

Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы  қатысушыларға кеңінен ақпараттар берліді. Шараға қатысушылар кітапхана қорындағы  әлемдік діндер тарихы туралы, конфессиялық қауіпсіздік,  экстремизм мен терроризмге қарсы дәстүрлі діннің рөлі туралы әдебиеттермен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалармен танысты. Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамада тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеуге бағытталған шарада қатысушыларк өптеген ақпаратқа қанық болды.

Рухани келісім күнімен қымбатты жерлестер!