Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: мерзімді басылымдар көрмесі

23.10.18

23 қазанда  Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқу залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылға арналған Қазақстан Халқына Жолдауына арналған  мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын, ондағы айтылған міндеттер мен мақсаттардың орындалу жолын өзара талқылауға арналған мақалалар топтамасы қойылды. Көрмеде Жолдау барлық салалардың жұмысын жандандыру мен серпілтуге қатысты болғанымен әр салаға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы кезек күттірмейтін мәселелерді шешудің жолдарын қарастырған белгілі мемлекет қайраткерлері, қоғам белсенділерінің мақалалары қамтылды. Көрмені қала мектептері мен колледждерінің кітапханашылары тамашалады. Көрмемен танысқан мәдениет қызметкерлері  ел тұрмысын жақсартуды мақсат тұтқан аталмыш Жолдау халыққа етене жақын болды деген ой түйіп, Елбасының кезекті Жолдауын бірауыздан қолдап, Қазақстанның өркениетті елдер қатарына қосылуына баршамыз атасалысуымыз керек деген ой түйіндеді.