Психологтарға көмек: жасөспірімдердің өмірін сақтайық: кітап көрмесі

25.10.18

Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі өзекті проблемалардың бірі  болып, оған аса мән беріліп отыр. Себебі суицид фактілері жылдан-жылға өсуде, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауының тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызып отыр.

Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу, диагностикалық, коррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізіп, адамның өмірін сақтап қалу психологтардың ең басты міндеті болып саналады. Осы  орайда 25 қазан күні Абай атындағы кітапхана Семей Технология колледжімен бірлесіп ШҚО колледждерінің педагог-психологтарына арналған «Жасөспірімдер арасындағы суидцидтік мінез-құлықтың алдын алу» семинар практикумында «Психологтарға көмек : жасөспірімдердің өмірін сақтайық» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге осы тақырыпқа байланысты қазақстандық және ресейлік авторлардың: А.Т. Акжанованың «Девиантология», А.Т. Ельшибаеваның «Практикум по девиантологии», Р. Омарованың «Адамның психикалық энергиясының құпия мүмкіндіктері», Е.Л. Солдатованың «Психология развития и ворастная психология», «Экскурс в психологию и за ее пределы», А. Некрасованың «500 отчаянных откровений», В.Г. Казанскаяның Суициальное поведение подростка: своевременная помощь және т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінен мақалалар қойылды.

Ұсынылған әдебиеттерде жасөспірімдердің заманауи психологиялық проблемалары, тұлғаның суицидтік мінез-құлықтарының әлеуметтік-психологиялық себептері, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша ересектерге, мамандарға психологиялық ұсыныстар берілген.