Кітап қолдан-қолға: акция

17.01.19

2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы, ал ТМД-да Кітап жылы деп жарияланды. Осы екі айтулы оқиға аясында 17-ші қаңтар күні Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап қолдан-қолға» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: көп салалы колледж кітапханасының кітап қорын сыйға тартқан кітаптарымен толықтыру, жастарды оқуға тарту, олардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетті, патриотизмді қалыптастыру.

Аталмыш акция Приречное ауылының тұрғыны Досымханова Бейбітгүл Тұрағұлқызының кітапханаға жолдасы Қадыров Анатолийдің жеке кітапханасынан 300 дана кітапты сыйға тартқанынан кейін мүмкін болды. Бейбітгүл Тұрағұлқызы ТАӨ (тамаша адамдар өмірі) сериясынан (150 кітап), әскери мемуарлар, көркем әдебиеттер, Ұлы Отан соғысы туралы Жеңіс маршалдарының естеліктерінен (150 кітап) сыйға берді.
Сонымен қатар колледж кітапханасына біздің оқырмандарымыздың сыйға берілген кітаптарынан (100 дана), олардың ішінде көркем әдебиет, ТМД елдерінің: Армения, Молдавия, Белоруссия, Ресей және т.б. жазушыларының фантастика жанрындағы кітаптары берілді. Жиыны Көп салалы колледж кітапханасына 400 дана кітап сыйға берілді. Сыйға тартылған кітаптар арасында Бибігүл Қабиқызының «Тауқымет» кітабы колледж студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.