Біздің қатарға қосыл!: семинар-тренинг

24.01.19

Абай атындағы кітапханада ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Семей қаласы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында ашылған «Лига добра» еріктілер орталығының ұйымдастыруымен топпен жұмыс жасау, топты нығайту, жетекшілік қасиетті арттыру мақсатында «Біздің қатарға қосыл!» атты семинар-тренинг болып өтті. Шараны «Лига добра» еріктілер орталығының жетекшісі Е.Мақсұтов жүргізді. Іс -шара барысында жобаны құрастыру, іске асыру тетіктері айтылып, қызықты ойындар ойнатылды. Барлық қатысушыларға орталық атынан арнайы сертификат табысталды.