Америка президенттері: танымдық ойын

13.02.19

12 ақпан күні Абай кітапханада АҚШ  Президенті күні мерекесіне орай  Американдық сөре  аясында курс  тыңдаушылары үшін танымдық   ойын өткізілді. Америкада Президенті күні жыл сайын ақпан айының үшінші дүйсенбісінде аталып өтіледі. Мереке 1732 жылдың 22 ақпанында дүниеге келген тұңғыш президент Дж.Вашингтонның құрметіне арналған. Шара барысында қатысушыларға Америка президенттерінің қызметтеріне қатысты   Құрама Штаттардың 43 жастағы ең жас танымал  президенті Джон Кеннеди минутына 327 сөз  сөйлейтін, әрі  кез келген мәселелерді оңтайлы шешетін спикер ретінде танылған, президент тағына кеш отырған  40-шы президент 73 жастағы  Рональд Рейган екен.  12 жыл, 1 ай және 8 күн, яғни ең ұзақ отырған президент Франклин Рузвельт болатын осындай қызықты ақпараттар  ұсынылды.

Шара қатысушылары ағылшын тіліндегі «Facts about President’s Day» атты бейнематериалды тамашалағаннан кейін «АҚШ президенттері туралы  не білесің?» викториналық ойынына қатысты.  Ең белсенді қатысушыларға  Америка тарихына қатысты  кітаптар сыйға тартылды.