Интернет негізі: тренинг

15.02.19

2019 жылдың 11-15 ақпан аралығында Интернет-технологиялары бойынша оқыту тренингі өткізілді. Зейнеткер Ворошкевич Светлана Ивановнаның сұранысы бойынша тренингтің жалғасы ауа райының суытуына және денсаулығына байланысты үйден оқыту курсына айналды. Оқу барысында қатысушы достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, т.б. үйренді. Электронды пошта, әлеуметтік желілер, Электронды үкімет және Интернет арқылы сұхбаттасу сияқты  тақырыптармен танысты. «Электронды үкімет» порталына ерекше назар аударылды. Интернет-технологиялары бойынша ұйымдастырылған оқыту зейнеткердің көңілінен шықты. Светлана Ивановна компьютерлік сауаттылық алып, Интернет арқылы іздеу, сөйлесу, сұхбаттасуды үйреніп, тренингтен күтілетін нәтижеге жетті.