Microsoft Excel бағдарламасы: тренинг

14.03.19

2019 жылы 12-15 наурыз аралығында пайдаланушылардың сұранысы бойынша Microsoft Excel бағдарламасы бойынша тренинг өткізілді. Шараның мақсаты: пайдаланушылардың білімін кеңейту. Оқу барысында қатысушылар Excel электронды кестелерін формула, есеп, диаграмма арқылы жасау, сақтау, өндеу және пішімдеуін үйренді. Тренингте Microsoft Excel бағдарламасы туралы жалпы ақпарат, терминдер, түсініктемелер, әмірлер туралы қысқаша ақпараттар берілді. Оқыту бағдарламасында Microsoft Excel бағдарламасының негізі, жасау үлгілері, қызметін қолдану сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде қарастырылды. Қатысушылар алған білімін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалануына мүмкіндік алды.