Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символикалық белгілері: көрме-панорама

28.05.19

28 мамыр күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының рәміздер мерекесі күні қарсаңында, кітапхана оқырмандарын отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символикалық белгілері» тақырыбына арналған көрме-панорама ұсынылды.

Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда ресми түрде бекітілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Екі бөлімнен тұратын көрме-панораманың «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі» атты бірінші бөлімінде мемлекеттік рәміздің шығу тарихына байланысты Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» атты әдебиеттер қойылды.
«Елдіктің ерен белгісі – рәміздер» атты екінші бөлімінде «Көк тудың желбірегені», «Шаңырақ – күн – уық – Нұр», «Әнұраным – ел үнім» бөлімдері қамтылып, «Мен – Қазақстан азаматымын», «Елтаным», және т.б. мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар қойылды. Шара барысында кітапханашы мамандар көрмемен таныстыра отырып, рәміздер туралы, рәміздер тарихы, авторлары жайында ақпараттарды жан-жақты баяндайды.
Көрмемен 4 маусымға танысуға шақырамыз.