Интернет менің өмірімде: жедел-тренинг

24.06.19

2019 жылдың 19-21 маусым аралығында Интернет бойынша зейнеткерлерге арналған жедел тренингі өткізілді. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде сөйлесу, керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұхбаттарға қатысу, т.б. үйренді. Қазіргі уақытта «Электронды үкімет» порталын білу өте қажет, сондықтан тренингте бұл тақырып ерекше берілді. Қатысушылар мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген портал туралы ақпарат алды. «Электрондық үкімет» порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға және тағы басқа да көптеген қызметтерді алуға болатынын үйренді. Интернет технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушылардың көңілінен шықты, өздерінің өмірлерінде белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді.