Астана – менің мақтанышым: виртуалды саяхат

03.07.19

3 шілде күні  Астана күні мерекесіне орай балалар әдебиеті бөлімінде «Астана – менің мақтанышым»: атты виртуалды саяхат ұйымдастырылды. Мәдени шараға №36 ЖББО мектеп жанындағы жазғы лагерінде демалушы оқушылар қатысты.

Шара барысында Елорданың басты көрікті жерлері: ҚР Президентінің «Ақорда» резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, «Думан» мәдени-ойын-сауық орталығы, «Атамекен» этносаябағы және т.б. туралы қызықты ақпараттар ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылар қаланың тарихи, мәдени және көрікті орындарымен танысып,  елорда бойынша виртуалды экскурсия жасап, бейне- фильмдерді тамашалады. Балалар арасында «Қазақстан – Менің Отаным», «Астананың көрікті жерлері», «Қазақстанның тарихи орындары» және т.б. ойындар мен викториналар ойнатылды. Мерекелік шарада оқушылар Астана туралы ән айтып, өлең шумақтарын оқыды. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерден сайыс өткізілді.

Шара соңында «Ұлы дала Астанасы» атты кітап көрмесіндегі мерзімді басылымдар беттерінен алынған мақалалар мен кітаптар сонымен қатар фотоальбомдар мен танымдық энциклопедияларға шолу жасалынды.