Жаз келбетін саламын: суретті көрме

12.07.19

12 шілде күні «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің кезекті сабағы жылдың тамаша уақыты – жаз мезгіліне арналып, қатысушыларға «Жаз келбетін саламын» тақырыбында суретті көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: балаларға жаз мезгілі тақырыбы бойынша түсінік беру, әдемілік пен әсемдікке деген қызығушылықтарын арттыру. «Күннің шуағы», «Әдемі гүлдер», «Жұпар иіс» деген жаңа сөздерді үйретіп, мағынасын түсіндіру, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту, сурет салуға тәрбиелеу. Осындай сабақтар балалардың жаз мезгілі, табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.  Жас суретшілер үшін жазғы пейзаж үлгілері ұсынылды.

Шара барысында балаларда табиғаттың жазғы құбылыстарына қызығушылық танытып, аталған тағырыпты үлкен қызығушылықпен суреттеп, өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Сабақ соңында балалардың салған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылардың назарына «Жаз келбетін саламын» тақырыбында суретті көрме ұсынылып, сурет салу техникасы бойынша және оқушылардың  шығармашылықтарын дамытатын кітаптар мен әдістемелік құралдарға шолу жасалынды. Шара соңында  балалар «Жадыраған жаз» атты бейне-роликті тамашалады.